![]() |
![]() |
|||||
| компания туралы | клиенттер | байланыстар | анықтама |





КСРО құлаған кезде, Қазақстан өнім жеткізушілермен барлық байланыстарды жоғалтып, біраз уақыттар бойы кеңсе тауарлары елге шалажеткізіліп тұрды, соған байланысты Қазақстан Республикасындағы кеңсе тауарлар нарығында белгілі ойыншылар болмады, міне сол кезде 1994 жылдың қыркүйек айында Қазақстандық АБДИ Компаниясы құрылды. АБДИ Компаниясы өз қызметін Қазақстанға мектеп дәптерлерін көтерме топтамамен жеткізуден бастады, содан ассортимент кеңейе түсті. Жалпы республикада сұраныстың көп болып, АБДИ-дің сауда орталықтарында ұзын кезектер бола бастауына байланысты, сауда жүйесін кеңейту қажеттілігі туды. Жылдан жылға тауарлар ассортименттері мен сервистік қызметтер кеңейе бастады. Бүгінгі таңда Қазақстан бойынша АБДИ-дің 30 фирмалық дүкендерінде 950-ден көп адамдар, оншақты филиалдар және бүкіл Қазақстан бойынша дилерлар қызмет атқарады және де бұл шек емес, өйткені қазіргі кезде тағы да бірнеше дүкендер мен филиалдар ашуға дайындалуда.
«АБДИ Компани» АҚ-ның максималды сервис жасаушысы бизнес стратегиясы болып табылады. Тауралардың кең таңдау түрлері, барлық қызмет түрлері, жағымды орта, сонымен қатар тауарлар мен бағаның жағымды үйлесімділігі Компанияның үш деңгейде: бөлшектеп сату, көтермелеп сату және корпоративті сатуда сапалы әрі тиімді жұмыс атқаруына рұқсат береді. Өзінің сауда желісі мен корпоративті қызмет көрсету Қазақстан Республикасы мен Орта Азия тұрғындарының барлығы үшін мектеп және кеңсеге арналған әлемдік дәрежедегі сапалы тауарды қол жетерліктей ету Компанияның мақсаты болып келеді. Компания менеджерлері даралап тіл табуы әр клиенттің және де олардың ішіндегі ең талғампаздарының сұранысын қысқа мерзім ішінде қарастырып және корпоративті клиенттер үшін айрықша жағдайларды ұсына алады. Ұсынылған тауарлар мен қызметтер ассортиментін оңтайландыру, өз тұтынушысына барынша географиялық жақындық, сату жолдарының қазіргі заман талаптарына сай технологиялар еңдіру және ұсынылған тауардың сапасын үнемі жақсарту саясаты Компания жұмысының негізгі қағидасы болып қалған.
Қазақстанның барлық ірі қалаларында компанияның кең сервис жүйелері бар: Астана, Алматы, Талдықорған, Өскемен, Павлодар, Петропавл, Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе, Орал, Атырау, Ақтау, Шымкент, Тараз. Қазақстанның 15 қалаларында 30 фирмалық дүкендер жұмыс жасайды, олардың ішінде 6 ірі гипермаркет және 16 супермаркеттер бар. Компанияның бүкіл Қазақстан Республикасы бойынша 32 мың текше метрді, ал қойма орындары – 18 мың текше метрден көп жерді алады. Осындай тармақталған қызмет жүйесі арқылы Компания тұтынушылардың кең шеңберін толықтай көлемде қысқа мерзім ішінде қанағаттандыра алады. Бірыңғай архитектуралық стильдегі қазіргі заман талабына сай техника мен көліктермен қамтамасыз етілген компанияның супермаркеттері Қазақстанның әр қаласының беткерұстары болды. Қазақстанның барлық аумақтарында тауарлардың біркелкі ассортименті, қызмет көрсетуі, сату саясатының біркелкілігі, біркелкі құн саясаты дамыған. Филиалдар арасындағы шапшан байланыс бір уақытта және қысқа мерзімде бір қаладағы төленген келісім шарт бойынша тауарларды жеткізуді жүзеге асырады. Өзіне өзі қызмет көрсету жүйесі, тауарларға деген еркін қатынас, штрих-кодтау жүйесі және түрлі кеңсе керек-жарақтарымен лық толған сөрелер сатып алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандырады және сатып алу өрісін айтарлықтай жылдамдатады.
«АБДИ Компания» өз клиенттеріне түрлі қызметтер түрін ұсынады:
Компания жоғары сапалы тауарды дер кезінде және шапшаң жеткізіп салуға, тауарлардың сапасына кепіл және сатып алынғаннан кейінгі қызметке үлкен назар аударады. Ал бұндай кепілдерді осы нарықта болашақта да жұмыс атқарғысы келетін компаниялар ғана ұсына алалады. Клиенттермен жұмыс жасау саясатының маңызды бір қағидасы - ол клиенттің сенімділігі болып табылады. Ондай құрметке жету ғана емес, оны күннен-күнге қолдау маңызды.
Компания әлемнің 35 елінің 180 фабрика-өндірушілерімен серіктес: АҚШ, Германия, Франция, Италия, Англия, Швейцария, Дания, Финляндия, Чехия, Венгрия, Польша, Ресей, Украина, Жапония, Корея, Тайвань, Малайзия, БАЭ және т.б. Бұл АБДИ Компаниясының өз тауарларының қолайлы бағасын ұстауға рұқсат береді. АБДИ серіктес-жабдықтаушыларды қазақстандық тұтынушылар талабына сәйкес таңдап алып, Компанияның қоймаларында тауарлардың өте көп мөлшер сан көлемінің бар болуын қамтамасыз етеді. Көбінесе компания Қазақстанның географиялық орналасуына байланысты қазақстандық тұтынушылардың тілектері мен қажеттілігін алдын ала білу мен дүкендердің сөрелеріне тауарлардың дер кезінде жеткізілуін реттеп отырады. Бірнеше жылдар бойы көптеген серіктестермен ынтымақтастықта болғаннан АБДИ Қазақстанға көптеген сауда белгілерін жеткізуші ретінде ең таңдамалы Компания болды. Сонымен қатар Компанияның мұқият ойластырылған саясаты мен логистикасы арқасында біздің отандастарымыз халықаралық сапалы кеңсе тауарларын өндіретін елердің бағасынан төменірек етіп алады. Компания қол жеткізген жетістіктерімен тоқтамайды, сол себеппен біздің мамандар үнемі барлық халықаралық ірі көрмелерге барады, жаңа өндірушілерді іздестіру жұмыстарын жүргізеді және жаңа тауарлар, брендтерді бағалайды, жаңа дизайнерлердің дайындаған жұмыстарына және тауар өндірушілердің тауар бағытына белсенді түрде қатысады.
Кеңсе тауарлары жылдан жылға адам тіршілік әрекетіне еніп, адамзаттың жаңында бүкіл өмір бойы серік болады, бала бақшаларындағы алғашқы суреттер мен ермексаздан жасалған пішіндерден бастап, кәсіпорын және мекеме жұмыс орындарын безендіруге дейін. Кеңсе тауарларына деген қажеттілік артқан сайын, тұтынушының тауарға және қызмет сапасына деген мұқтаждығы да артады, сондықтан да әртүрлі жас топтарының, кәсіби бағыттар мен халықтың әлеуметтік жігін қанағаттандыру үшін АБДИ үй және кеңсеге арналған тауарлардың кең ассортиментін ұсынады. «АБДИ Компани» клиенттерінің өзгешелік белгілері, ол – таңдау құқығы, кез-келген тауарды түсі мен дизайнын өз қажеттілігі мен мүмкіншілігіне сәйкес таңдай алуы.
Тауар ассортименті 19 мыңнан асады:
«АБДИ Компани» АҚ Қазақстанға әлемнің түрлі қалаларынан кеңсе тауарларын жеткізуші болып саналады. АБДИ Компаниясы Германия, Италия, Чехия, Ресей және БАЭ елдеріндегі өндіріс барыстарына қатысады. АБДИ Компаниясының өндірген тауар ассортиментіне мыналар кіреді: кеңсе тауарлары, кеңсеге арналған қағаз, мектеп-жазу құралдары, мектепке арналған оқу-көрнекі құралдар, қазақ тіліндегі әдістемелік құралдар. Компания республикадағы кеңсе тауарларының нарығында маркетингтік зерттеулер жүргізіп отырады, осыларға негізделіп, басқа елдердегі Қазақстан нарығының барлық талаптарын есепке ала отырып, өндірісі тағайындалған фабрикалар мен зауыттарда «АБДИ» және «АЙГӨЛЕК» сауда белгісімен мектеп және кеңсеге арналған кеңсе тауарларына арналған тапсырыстар береді. 2005 жылдан бастап Компания мектепке Тарих және Қазақстан Географиясы, Қазақ тілі мен Әдебиеті пәндерінен оқу-әдістемелік материалдар мен көрнекі құралдар және бастауыш сыныптарға арналған қазақ және орыс тілдеріндегі құралдар шығара бастады. Компания жыл сайын сән ықпалын, уақыт пен ұлттық калоритті ескере отырып, өз өніміне өзгерістер енгізеді, оның тұтынушылық қасиетін жақсартады, тауарлардың дизайны мен түстерін жетілдіреді.
Қазақ тілінде 30 мың дана болып шығатын «Айгөлек» мекемесі мен әр айлық балалар суретті журналының баспасы Компанияның жобаларының бірі болып табылады. Журнал беттерінде түсінікті тілде салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар, қазақ халқының көрнекті тұлғалары, республика тарихы туралы қызықты мақалалар мен баяндама, әңгімелер жарық көреді, сондықтан да журнал Қазақстан Республикасының Білім Министрлігімен республикадағы бала бақшаларда, мектептер мен гимназияларда қазақ тілі мен әдебиетті оқуда әдістемелік материал есебінде ұсынылады. Сонымен қатар 2000 жылдан бастап Қазақстанның түрлі аймақтарында журнал оқырмандарына арналған «Айгөлек және оның достары» атты балалар фестивалі өткізіліп тұрады. Бұл мерекеге балалар Қазақстанның барлық бұрыштарынан келеді, фестивальде қызықты ойындар өткізіледі, қазақстандық жұлдыздар мен жас таланттар шығады. Балалар бір-бірімен танысып, Қазақстанның мәдениеті мен қазақ халқына қосылады. ЮНЕСКО қолдауымен «Культура мира» жасөспірім өнер қайраткерлерінің Клубымен өткізілетін «Весь мир в твоей гамме» атты жас талантты суретшілердің жыл сайынғы конкурсының бас демеушісі АБДИ Компаниясы болып келеді. Бұл конкурс балаларды әлемнің мәдениет мақсаттары мен құндылықтарына нұсқауға шақырып, әр баланың өз шығармашылық қабілеттілігін, қиял мен армандарын ашуына көмегін тигізіп, қолдау көрсетеді және де Қазақстандағы жасөспірім көркемөнер шығармашылығының дамуын қолдайды.





| компания туралы | клиенттер | анықтама | байланыстар |